Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

ШҚО-да құс фабрикасынан 320 келі ет ұрланды

2020 жылдың 20 ақпан 2020 23:03

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы құс фабрикасынан тоғыз қап ет ұрланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 ақпан күні «102» қызметіне хабарласқан құс фабрикасының күзетшісі белгісіз біреулердің 320 келі тауық етін жымқырып кеткенін айтқан. Шығын көлемі 255 мың теңгеге бағаланды.

«Полиция 22 және 26 жастағы Ұлан ауданының екі тұрғынын ұстады. Олардан 9 қап ет тәркіленді. Күдіктілер кінәсын мойындап отыр. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабы, 2-бөлігінің 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарландыруда.


Жоғары қарай