Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ШҚО-да құтқарушылар қатарында 79 көпбалалы ата-ана бар

2022 жылдың 30 қаңтар 2022 15:29

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар қатарында 79 көпбалалы ата-ана бар. Қандай да бір қиындыққа тап болған жандарға үнемі көмекке аттанатын олар үйде қамқор әке, қамкөңіл ана, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады. ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінде еңбек ететін құтқарушылар мен өрт сөндірушілер арасында 79 көпбалалы ата-ана бар. Олар күндіз-түні азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.

Ең үлкен отбасы Өскемен қаласының №4 өрт сөндіру бөлімшесінің командирі Айдар Булекпаевтың жанұясы. Ол 6 ұл тәрбиелеп отыр. Ең кіші баласы Мағжан 2 айдан кейін бір жасқа толады. Жұбайы Аяулым қазір декреттік демалыста. Мамандағы – медицина қызметкері. Үйдің барлық шаруасын атқарып, 6 батырдың тәрбиесімен айналысады. Арқа сүйер азаматы Айдар қашан да қасынан табылады. Отағасы азаматтық қорғау жүйесінде 2005 жылдан бастап қызмет атқаруда. Осы уақытқа дейін 100-ден астам өртті сөндіруге қатысқан.




«Кейбіреулер бос уақытын балық аулау немесе аңға шығумен өткізсе, мен қолым қалт етсе әр минутты отбасым мен балаларыма арнаймын. Әке ретіндегі басты міндетім – ұлдарымды жақсы азамат етіп тәрбиелеу. Кең дастарханда жиналып, қонақ күткенді ұнатамыз. Құдайға шүкір, ұлдарым аман-есен өсіп келеді. Әке жолын қуып, құтқарушы болғылары келеді», - деді Айдар Булекпаев.










Семей қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы Қымбат Көпбаев 5 бала тәрбиелеп отыр. Оның 4 ұлы және 1 қызы бар. Үлкен ұлы Жанмұхаммед – 11-де, кіші қызы Мариям – 3 жаста.

«Келіншегім Индирамен 2009 жылы шаңырақ көтердік. Ол да ТЖ саласында қызмет атқарып, майор шенімен зейнетке шықты. Бақытты ата-анамыз. Үлкен балалар кішілерді қарауға көмектесіп, қолғабыс болуда. Демалыс күндерін отбасыммен бірге өткіземін. Себебі бұл ең қымбат, бағалы сәттер», - деді Қымбат Көпбаев.


















Жоғары қарай