Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да құтқарушылар көлігімен асуда қалып қойған ерлі-зайыптыны құтқарды

2021 жылдың 22 қазан 2021 09:56

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстанда облысында құтқарушылар көлігімен асудағы жолда қалып қойған ерлі-зайыптыларға көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 21 қазанда құтқарушыларға ер адам жұбайымен бірге Катонқарағай жағынан келгенде шамамен 10 шақырым жердегі (Өскемен-Рахман қайнары) «Староаустрийская дорога» тасжолының бірінші асуында тұрғанын айтқан. Олар «Nissan Rnessa» маркалы автокөлігімен келе жатқан, көлік кенеттен айналып кетіп, кюветке шыға жаздаған. Жолаушылар әрі қарай жүре алмаған. Құтқарушылар жедел көмекке келіп, олар жолаушылары бар көлікті жақын маңдағы елді мекенге сүйреп апарды.

ШҚО ТЖД өкілдері ауа райы мен жолдың жағдайын білмей тұрып, жолға шықпау қажеттігін ескетеді. «Дәрмен» қосымшасында күн райына байланысты ескертулер мен жолдардың жабылуы туралы мәліметтерді алдын-ала біліп отыру керек. Жоспарланған бағыт пен шамамен қайту уақытына да хабарлаған жөн.

«Өзіңізбен бірге шам, алғашқы көмекке қажетті заттар, азық-түлік пен ұялы телефон қуаттағышын алып жүріңіз. Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз»,-делінген хабарламада.


Жоғары қарай