Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да құтқарушылар көлікке қыстырылып қалған адамды алып шықты

2021 жылдың 19 қазан 2021 12:15

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар жол апатынан көлікке қыстырылып қалған адамды алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 19 қазан күні сағат 05.43-те Алтай ауданы Курчатов көшесінде болған. «ВАЗ 21010» маркалы автокөлікті тізгіндеген ер адам рульге ие бола алмай қалып, ағашқа соғылды.

«Жол апаты салдарынан жүргізуші көлікке қыстырылып қалған. Құтқарушылар оқиға орнына шұғыл келіп жетті. Гидравликалық құралдың көмегімен көліктің артқы есігін ашып, 1981 жылғы азаматты алып шықты», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Денсаулығы орташа ауыр жағдайдағы зардап шегуші жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.





Жоғары қарай