Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да қылмыстық топтан 137 млн теңгенің психотроптық заты тәркіленді

2020 жылдың 28 қараша 2020 19:25

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тергеу басқарамасының полицейлері Өскемен қаласының аумағында психотроптық заттарды саудалаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін анықтады.

Тергеу барысында әшкереленген ұйымдасқан қылмыстық топ құрамындағы 5 күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Тәркіленген психотроптық заттардың көлемі 5,5 келіні құрады. Оның «қара нарықтағы» бағасы - 137 млн теңге», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеуді аяқтау және істі одан әрі сотқа жіберу үшін прокуратураға жолдау бойынша шаралар қабылдануда.

Жоғары қарай