Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да малы жоқ адамдар субсидия алған – Олжас Бектенов

2019 жылдың 30 шілде 2019 18:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында прокуратура өкілдері малы жоқ адамдарға субсидия берілгенін анықтады. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен кеңесте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Субсидия – саладағы ең жауыр мәселенің бірі. Жалған құжат бойынша субсидия беру тыйылмай тұр. Мысалы, прокуратура өкілдері Шығыс Қазақстан облысында малы жоқ шаруа қожалықтарға субсидия берілгенін анықтады. Өзгенің малын өзінікі етіп көрсетіп, субсидия алып келген. Жергілікті әкімдік пен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасын, Ауыл шаруашылығы министрлігін осы мәселеге назар аударуға шақырамын. Бұл мәселені қалай шешеміз? Жыл сайын қайталанып отыр. Тыйылатын түрі жоқ», - деді агенттік төрағасының орынбасары.

Олжас Бектенов субсидия мемлекет ақшасы екенін айта келіп, оны бөлген кезде көз жұма шешім қабылдауға болмайтынын айтты.

«Мемлекет ақшасын бөлген кезде көз жұмып қарадыңыздар деген сөз. Ертең жауапкершілік мәселесі туындағанда ақшаны аударуға соңғы болып кімнің қол қойғаны да ескеріледі. Сондықтан, мәселеге жіті қарау керек. Агенттіктің облыстық департамент басшысына аталған фактілерді прокуратура өкілдерімен бірге зерделеуді тапсырамын. Өзге өңірлерге де осындай тапсырма. Субсидия – ең жауыр болған мәселенің бірі. Бақылауға алу қажет», - деді ол.

Жоғары қарай