Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ШҚО-да математика пәні мұғалімінің озық тәсілі көпшіліктің қолдауына ие болды

2022 жылдың 15 қаңтар 2022 14:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Педагог-математик Евгения Леунова заманауи технологиялардың көмегімен балалармен ортақ тіл тауып, олардың білімге деген құштарлығын оята білетін білікті ұстаздардың бірі.

Ол Instagram-да тәлімгерлік блогын және YouTube-те оқушылар мен мұғалімдерге арналған білім беру арнасын жүргізеді. 2021 жылы оның оқушылары республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары атанды.

Евгения Валерьевна ШҚО математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейінде математика пәнінен сабақ береді. Ол облыстық және республикалық семинарлардың тұрақты қатысушысы, әдістемелік материалдардың авторы.

Ұстаздың еңбегі Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы, «Өрлеу» БАҰО АҚ және «Дарын» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының алғыс хаттарына ие болғанын атап өткен жөн.

«Мен үшін математиканы оқыту менің сүйікті ісім. Мектептегі жұмыс, балалармен қарым-қатынас, білім беру саласындағы түрлі өзгерістер мен реформалар көптеген мүмкіндіктерге жол ашады, оқушылармен жұмыс істеудің жаңа әдістерін қолдануға, заман арнасынан қалмай жүзуге мүмкіндік береді. Міндеттер қою, оларды шешу, шешім қабылдау үрдісінен ләззат алудың өзі әрқашан қызықты. Дарынды балаларға арналған мектепте математика пәнінен сабақ беру – бұл тоқтаусыз жұмыс пен үздіксіз ізденіс, өзін-өзі тәрбиелеу және кәсіби тұрғыда өсу. Бірінші кезекте мен өзімнің оқушыларыма біліктілігімді жетілдіруге мүмкіндік бергені, күнделікті жақсы көңіл-күй, жылы қарым-қатынасы, көздері оттай жанып, білім нәрін сусындауға ден қойғандары үшін алғысымды білдіремін», – дейді Е. Леунова.

Педагогтың нәтижелі еңбегі

Педагог еңбегінің нәтижелі болғанына оқушылардың түрлі байқауларда алған жүлделі орындары дәлел. 11-сынып оқушысы Леонид Гуськов жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша республикалық Президенттік олимпиаданың алтын медалін жеңіп алды. Ал 5-сынып оқушысы Зәкір Жексенов математика пәні бойынша республикалық олимпиаданың қола жүлдесіне ілікті.

«Евгения Валерьевна менің ұлымның математика пәнінің мұғалімі. Мен оған баламның бүкіл оқу барысында сабақтарға ынтамен қатысқаны, оқу материалын түсінікті әрі қызықты жеткізгені, әр сабақта мейірімді және жайлы атмосфера орната білгені үшін алғыс білдіремін. Мұғалім балалар үшін қиынға соғатын күрделі есептерді жақсы түсіндіреді, оқу және сабақтан тыс уақытта сұрақтар қоюға мүмкіндік береді, ол әрқашан көмек қолын созуға дайын», – дейді 11 сынып оқушысының анасы Ирина Белянцева.

Өз кезегінде Зәкір Жексеневтің анасы бейнесабақтар тақырыптарды игеруге ғана емес, сонымен қатар әртүрлі байқауларға дайындалуға да көмектесетінін атап өтті.

«Материалды қарапайым, жеңіл тілмен әрі қысқаша жеткізу спортшыларға, жарыстарға қатысушыларға, ауруға шалдыққан балаларға үйде отырып тақырыпты дұрыс түсінуге үлкен сеп болды. Олимпиада тақырыптары бойынша бейне түсініктемелер түрлі байқауларға дайындалуға мүмкіндік береді. Біздің балаларымыз үшін онлайн-форматта олимпиадаларға дайындық сабақтары өткізіледі», – дейді 5 сынып оқушысының анасы Наталья Скуратова.

Атап айтқанда, қлағатты ұстаз алдағы уақытта өз блогын жетілдіріп, әріптестерімен желілік байланысты жалғастыруды көздейді.


Жоғары қарай