Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

ШҚО-да мемқызметшілердің 64 пайызы - әйелдер

2020 жылдың 4 наурыз 2020 17:11

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметшілердің 64%-ын әйелдер құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінгі таңда өңірде мемлекеттік қызметте 7940 адам еңбек етуде. Бұл көрсеткіш бойынша ШҚО республикада екінші орында. Мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы – 41. Оның ішінде 196 адам зейнет жасына таяғандар. Әйелдердің үлесі – 64%-ды құрап отыр. Ал 17% -ы басшылық лауазымдарды атқаруда. Мемлекеттік қызметшілердің 90%-ы жоғары білім алған.

«Шығыс Қазақстанда мемлекеттік қызметтен басқа жұмысқа ауысатындар көп. Бұған көбінесе жалақының аздығы, жүктеменің көптігі, жұмыс кестесінің ауыр болуы себеп», - деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің басшысы Жанна Қабдолдақызы Семейде өткен жиналыста.

Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметшілерге өткен жылдың соңында сыбайлас жемқорлыққа қатысты заңға енгізілген өзгерістерді түсіндіріп, тағайындалатын жаза түрлерін айтып берді.


Жоғары қарай