Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ШҚО-да мемлекеттік қызмет беделіне нұқсан келтірген 18 адам жазаланды

2022 жылдың 30 қаңтар 2022 17:09

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірген 18 тұлғаның лауазымы төмендетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мәліметінше, бір жыл ішінде 764 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Тәртіп бұзған лауазымды тұлғалардың ішінде 401 адам жергілікті атқарушы органдарда, 363-і орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде қызмет атқарады. 21 адам мемлекеттік қызмет этикасын бұзған.

«Мәселен, Шығыс Қазақстан облысы Мәдениет басқармасының басшысы алкогольді ішімдік ішіп, жанжалға қатысқаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігіне сәйкес жауапқа тартылған болатын. Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Соған орай қызметкер жұмыстан босатылды», - деді департамент басшысы Нұрлан Еркебаев.


Жоғары қарай