Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

ШҚО-да мұз жарылып, балықшылар көлігімен бірге суға түсіп кетті

2019 жылдың 30 желтоқсан 2019 23:58

КҮРШІМ АУДАНЫ. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында мұз жарылуы салдарынан көлігімен бірге суға түсіп кеткен балықшылар құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Департаменттің мәліметтеріне қарағанда, 28 желтоқсанда «112» құтқару телефонына көліктері суға кеткен балықшылар көмек сұрап, қоңырау соққан.

Оқиға орнына Күшім ауданының жедел құтқару жасағының 9-бөлімшесі шықты. Құтқару станциясынан 20 шақырым жерде Күршім ауылдық округінің «Чонобай» учаскесінде құтқарушылар суға батқан көлікті байқап қалды. Балықшылар көліктен өздігінен шыққан, алайда малмандай су болған.

«Көлік тереңге батпапты, жағалауға жақын жерде екен. Құтқарушылар оны судан алып шығуға көмектесті. Шемонаиха ауданының 3 балықшысы Күршім ауылына жеткізілді, медициналық көмекке мұқтаж емес. Құтқару станциясында олар жылынып, киімдерін кептіріп, түнеп шықты. Балықшыларға көлікпен мұзға шықпау туралы тағы да ескертеміз, оны жағада қалдырыңыз. Жолаушылар үшін қауіпсіз мұз 7 см болса, көлік үшін 20 см. Мұзға тек күндіз шығыңыз. Мұз арасындағы шөптер, арық, қалың қар басқан орындардан сақ болыңыз. Өзіңізбен бірге міндетті түрде ұялы телефон, қосымша киім алыңыз»,-делінген хабарламада.

Жоғары қарай