Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да облыстық мәслихаттың жаңа хатшысы сайланды

2021 жылдың 14 қаңтар 2021 18:14

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін Өскеменде жетінші шақырылған облыстық мәслихаттың бірінші сессиясы өтті. Сессия барысында депутаттар ШҚО мәслихатының жаңа хатшысын сайлады. Бұл қызметке бұған дейін облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарған Денис Рыпаков тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов бұрынғы депутаттық құрамға жемісті бірлескен жұмыс үшін шын жүректен алғысын білдіріп, жаңа жағдайда барлық деңгейдегі маслихаттардың жалпы саяси рөлі мен жауапкершілігі артып отырғанын атап өтті.

- Мен депутаттық корпустың жаңартылған құрамы облысымыздың одан әрі дамуы мен өркендеуі жолында аянбай еңбек ететініне сенемін. Партияаралық өзара іс-қимылды күшейту, барлық фракциялардың үйлесімді жұмысына қол жеткізу қажет. Облыстық мәслихаттың барлық депутаттары, қандай партияға жататынына қарамастан, өздерінің сайлауалды бағдарламалары мен сайлаушыларға берген уәделерін орындауға белсенді кірісетініне сенімдімін, - деп атап өтті Даниал Ахметов.




Отырыста жаңа сайланған депутаттық корпус сондай-ақ, төрт тұрақты комиссияны құру және құрамын таңдау мәселесін қарастырды. Жалпы ШҚО аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ерсаин Нәбиевтің айтуынша, биылғы сайлауда депутаттық корпус айтарлықтай жаңартылған. Депутаттар арасында қоғам қайраткерлері, ірі кәсіпорындардың, шаруа қожалықтарының басшылары бар.

Айта кетейік, облыстық мәслихаттағы депутаттық мандаттар сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар арасында бөлінген. Осылайша, «Nur Otan» партиясы 32 мандат, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы мен «Ақ жол» ҚДП-нда 3 мандаттан.




















Жоғары қарай