Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да оқшаулау режимін бұзған 12 адамға айыппұл салынды

2021 жылдың 3 тамыз 2021 15:27

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында өзін-өзі оқшаулау режимін бұзған 12 адамға жалпы сомасы 500 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқшаулану тәртібін елемеген 12 адамға қатысты ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес хаттама толтырылған.

«14 күндік үй карантинін бұзған тұрғындар Ashyq жүйесі арқылы анықталды. Олардың 6-ы Семей, 5-і Өскемен қаласының және біреуі Көкпекті ауданының тұрғыны. Салынған айыппұлдың жалпы мөлшері 500 теңгеден асады», - делінген мәліметте.

Осы ретте, департамент мамандары үй карантиніндегі облыс тұрғындарын талапты сақтауға шақырады. Сондай-ақ науқаспен байланыста болған азаматтар басқаларға вирус жұқтырмас үшін оқшаулау режимін қатаң ұстануы тиіс.

«Қазір өңірдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Күн сайын коронавирус жұқтыру фактілері артып келеді. Өңір тұрғындары мен қонақтарына, барша кәсіпкерлерге шектеу шараларын бұзбау қажеттігін ескертеміз», - делінген хабарламада.


Жоғары қарай