Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ШҚО-да өндірісте жарақат алғандар саны артты

2022 жылдың 28 қаңтар 2022 21:04

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жұмыс барысында жарақат алып, түрлі ауруға шалдыққандар саны 1 жарым есеге артып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша кәсіптік ауруға шалдығу фактілері өскен.

«Өндіріс орындағы апат, технологиялық процестің бұзылуы, жұмыстың талапқа сай ұйымдастырылмауы және санитарлық-техникалық құралдардың дұрыс жұмыс істемеуі салдарынан еңбек ұжымында зардап шегу жағдайлары болып жатады. Шығыс Қазақстанда былтыр осындай 210 жағдай тіркелген. Кәсіптік ауру деңгейі оның алдындағы жылмен салыстырғанда 1,4 есеге өсіп отыр», - делінген ақпаратта.

Облыстың 7 ауданында кәсіптік аурулар тұрақты түрде тіркеледі. Жыл көлемінде жұмыс барысында улану жағдайлары болған жоқ.

«Басшылықтың белгіленген талаптарды сақтамауы салдарынан қызметкерлер арасында мүгедек болып қалатындар да кездеседі. Кәсіптік аурулар басқа негізгі сырқаттардан сирек кездесетініне қарамастан, оның әлеуметтік маңызы зор. Өйткені олар еңбекке қабілетті жастағы адамдардың азаюына әсер етеді», - делінген мәліметте.


Жоғары қарай