Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да орман өрті сөндірілді

2020 жылдың 31 мамыр 2020 00:19

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданындағы орман өрті сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 30 мамыр күні Бородулиха ауданындағы орман шаруашылығында өрт шыққан.

- Жалын шарпыған аймақты барлау үшін оқиға орнына МИ-2 тікұшағы жіберілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға №21 өрт сөндіру бөлімінен 10 адам мен 2 техника және «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватынан 128 адам жұмылдырылды», деп хабарлады ведомство өкілдері.


Жоғары қарай