Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да орман өрттерінің алдын алу үшін халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

2021 жылдың 22 мамыр 2021 20:35

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында орман өрттерінің алдын алу үшін халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өрт сөндірушілер, орманшылар, полиция қызметкерлері және жергілікті атқарушы орган өкілдерінен құралған 69 мобильді топ орман аумағына мониторинг жүргізуде. Соның нәтижесінде, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған 230 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.














Орман-дала аумағында өрт қалай басталатынын көрсету үшін құтқарушылар шынының көмегімен арнайы эксперимент жасады. Ауаның жоғары температурасы көбінесе тұрғындар тастап кеткен қоқыстан құрғақ шөптің жануына және оттың орманға тарауына әкеп соғады.











- Сондай-ақ департамент мамандары сөндірілмеген темекі тұқылы мен оттан өрт бірден шығатынын көрсетті. Мобильді топтар азаматтарға орманда отпен абай болу қажеттігін, өрт қауіпсіздігі ережерін қатаң сақтау керектігін ескертті. Қоқыс жағуға және құрғақ шөпті өртеуге болмайды. Бұл ережелер есте сақталу үшін ТЖД қызметкерлері мен орманшылар тұрғындарға жадынамалар таратты, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Мамандардың айтуынша, табиғи өрттің салдары ауыр. Отты сөндіру кезінде оның таралуын, ауа температурасын, желдің жылдамдығын және оттың бағытын айқындау керек.





Жоғары қарай