Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ШҚО-да отбасында жанжал шығарған 241 тұрғын есепке қойылды

2022 жылдың 28 қаңтар 2022 04:18

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының полицейлері отбасында жанжал шығарған 240-тан астам адамды есепке қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары 24 қаңтардан бастап өңір аумағында «Тұрмыс» жедел-алдын алу шарасын жүргізуде.

Ондағы мақсат – отбасындағы зорлық-зомбылыққа тосқауыл қою.

«Үш күн ішінде тұрғылықты жері бойынша 3 000-нан астам адам тексеріліп, 934 құқық бұзушылық анықталды. Барлық фактілер бойынша кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Отбасында жанжал шығарған 241 адам есепке қойылды. Оларға қатысты қорғау нұсқамалары шығарылған», - делінген ақпаратта.

Полиция қызметкерлері үйдегі зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында 4 дағдарыс орталығымен тығыз жұмыс істеуде.

Осындай орталықтардың бірінде зардап шеккендерге уақытша тұруға арналған баспана бар.

«Дағдарыс орталығына орналастырылған адамдармен профилактикалық әңгімелер жүргізіледі. Сондай-ақ психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетіледі. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болғандар дереу «102» арнасына немесе 77-19-23 нөміріне хабарласу қажет», - делінген мәліметте.

Жоғары қарай