Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да пара алған көліктік бақылау инспекциясының 11 қызметкері ұсталды

2021 жылдың 20 қыркүйек 2021 09:07

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет көліктік бақылау инспекциясының 11 қызметкерінен тұратын қылмыстық топ қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ведомоствоға сілтеме жасап.

Қылмыстық схеманы инспекция бөлімдерінің бірінің басшысы ұйымдастырған.

Аталған лауазымды тұлғалар өңірдегі жалпы қамқорлық пен кедергісіз жүріп-тұру үшін жүк тасымалдау саласындағы кәсіпкерлерден пара алған.

Пара сомасы 10 000-нан 50 000 теңгеге дейінгі аралықты құраған, оны жүк көлігі жүргізушілері қол алысу кезінде Инспекция қызметкерлеріне беріп отырған.

Алынған паралардың күнделікті айналымы 150 мыңнан 500 мың теңгеге дейін болған.

Барлығы ақша аударымының 20-дан астам оқиғасы құжатталды.

4 адамға қатысты сот «қамауға алу» бұлтартпау шарасын таңдады, қалған лауазымды тұлғалар кінәсін толық мойындады және тергеумен ынтымақтастыққа келді.

Қазіргі уақытта Агенттік аталған қылмыстық схеманы жою және осыған ұқсас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға жол бермеу бойынша кешенді алдын алу жұмыстарын бастады.


Жоғары қарай