Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да ПТР анықтамасы жоқ 200 жолаушы пойыздан қалды

2020 жылдың 3 қараша 2020 14:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ШҚО-да пойызға мінбек болған ПТР анықтамасыз 200 адам жолдан қалды. Бұл туралы Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ШҚО-да пойызға мінбек болған ПТР-анықтамасыз 200 адам жолдан қалуға мәжбүр болды. Олар Нұр-Сұлтан, Алматы мен Қызылорда бағытында жол жүрмек болған», - деп хабарлайды Сәдуақас Байғабылов.

Оның хабарлауынша 2 қарашада Семейден жолаушылар пойызы арқылы Нұр-Сұлтан, Алматы және Қызылорда қалаларына ПТР тест анықтамасы бар 287 жолаушы аттанған. Вагондарға ПТР тест анықтамасы жоқ 137 жолаушы кіргізілмеген.

«Дәл сол күні Өскеменнен Нұр-Сұлтан мен Алматы бағыты бойынша темір жол көлігі арқылы 44 жолаушы аттанып, ПТР тест анықтамасы болмаған 63 адам вагонға кіргізілмеді. Жолаушылардың билет құны 100 пайыз көлемінде қайтарылып берді», - деп хабарлайды Сәдуақас Байғабылов.


Жоғары қарай