Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да сегіз күн ішінде мас күйде көлік тізгіндеген 63 жүргізуші анықталды

2021 жылдың 25 мамыр 2021 21:53

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында сегіз күн ішінде ішімдік ішіп алып рульге отырған 63 жүргізуші жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір аумағында 17 мамырдан бастап «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы жүргізілуде.

«Сегіз күн ішінде жол ережесін бұзудың 10 000-нан астам фактісі анықталды. Оның ішінде қарсы жолаққа шыққаны үшін - 40, жылдамдықты асырғаны үшін - 697, рульге мас күйде отырғаны үшін - 63, көлік тізгіндеп отырып телефонды пайдаланғаны үшін - 926, жаяу жүргіншілерге жол бермеген - 635 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды» делінген ақпаратта.

Сондай-ақ жол ережесін сақтамаған қоғамдық көліктің 67 жүргізушісі айыппұл арқалады.

Жалпы, мамандандырылған тұраққа 100-ден астам автокөлік қойылған.

Бұдан бөлек, тәртіп сақшылары жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген екі жүргізушіні ұстады.

«Мәселен, 21 мамырда Көкпекті ауданында полицейлер ВАЗ 2121 маркалы көлікті тізгіндеген 58 жастағы тұрғынды тоқтатты. Тексеру барысында бұл көліктің жүргізушісі жалған нөмірмен жүргені белгілі болған. Аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігіне сәйкес хаттама толтырылды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Айта кетейік, «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы 16 маусымға дейін жалғаспақ.


Жоғары қарай