Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ШҚО-да шомылу маусымы басталмай тұрып 3 адам суға кетті

2022 жылдың 16 мамыр 2022 14:40

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында шомылу маусымы басталмай тұрып 3 адам суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері құтқарушылар су қоймаларындағы 3500-ге жуық демалушыға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.

«Шомылу маусымы жаздың алғашқы айында басталатынына қарамастан, өңірде суға батып жатқандар бар. Бүгінде 3 адам суға кетті. Мамыр айында күн жылынғалы бері жабдықталмаған өзен-көлдерге баратындар көбейген. Бұл жерлер үнемі кәсіби құтқарушылардың бақылауында бола бермейді» делінген ақпаратта.

ТЖД қызметкерлері күн сайын профилактикалық рейдтер жүргізуде. Онда демалушыларға судағы жазатайым оқиғалар туралы айтып, қауіпсіздік талаптары жазылған жадынамалар таратуда. Жыл басынан бері су жағалауларында 1500-ден астам рет патрульдеу жүргізілген.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да браконьерлерге 2,5 млн теңгеден астам айыппұл салынғанын хабарлаған едік.


Жоғары қарай