Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да сіріңкемен ойнаған баланың кесірінен 30 тонна пішен өртенді

2021 жылдың 10 қыркүйек 2021 23:00

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында сіріңкемен ойнаған бала 30 тонна пішеннің өртенуіне себепкер болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өрт бүгін Глубокое ауданы Ушанов ауылында шыққан.

«Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. Белгілі болғандай, 30 тонна пішен өртенген. Көп ұзамай қызыл жалын толықтай ауыздықталды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына – баланың сіріңкемен ойнауы себеп болған.

Осы ретте құтқарушылар өңір жұртшылығына балаларын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді.

Жоғары қарай