Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да суға кеткен балықшының денесі табылды

2021 жылдың 16 маусым 2021 19:38

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында суға кеткен балықшының денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 11 маусымда Глубокое ауданы Белоусовка кентіндегі су қоймасында 1979 жылғы ер адам жоғалып кеткен болатын.

Белгілі болғандай, азамат достарымен бірге балық аулауға барған. Біраз уақыттан кейін жігіттердің бірі оны жоғалтып алған.

Өз бетімен іздеп таба алмаған соң құтқарушылардан көмек сұрады.

«Сүңгуірлер бірнеше күн бойы су қоймасының түбін, ал құтқарушылар жағалауды аралап шықты. 16 маусымда Глубокое ауданы тұрғынының денесі 2-3 метр тереңдіктен табылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Жыл басынан бері өңір бойынша 8 адам суға кеткен.

ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Титовтың айтуынша, су айдындарында адам өліміне әкеп соғатын негізгі себептер – жабдықталмаған жерлерде шомылу, жүзе алмау, өз күштерін дұрыс бағаламау, балаларды қараусыз қалдыру және мас күйде суға түсу.

Жоғары қарай