Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ШҚО-да сыбайлас жемқорлық жайлы хабар берген адам 4 млн теңге сыйақы алды

2021 жылдың 21 желтоқсан 2021 15:44

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған адамға 4 млн теңге сыйақы берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мәліметіне сүйенсек, өңірде жемқорлық фактісі жайлы хабарлаған азаматтарға сыйақы беріліп жатыр.

«Қазіргі уақытта параның немесе мемлекетке келтірілген залалдың мөлшері 1000 АЕК-тен аспайтын сыбайлас жемқорлық туралы хабар берген адамға 100 АЕК-ке дейін сыйақы белгіленеді. Ал пара көлемі 1000 АЕК-тен асса, оған сол соманың 10 пайызы (бірақ 4000 АЕК-тен аспайды) беріледі. Жыл басынан бері облыста осындай фактілер жайлы хабарлаған 6 адам сыйақы алған», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, сыйақының ең жоғары мөлшері 4 млн теңгені құраса, ең төменгісі – 138 900 теңге.



Жоғары қарай