Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ШҚО-да тәуелсіздік жылдары археология саласында 26 мың артефакт табылды

2021 жылдың 15 желтоқсан 2021 22:25

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында тәуелсіздік жылдары археология саласында 26 мың артефакт табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Мәдениет архивтер және құжаттама басқармасының мәліметінше, ел егемендік алғаннан бастап өңірде археология саласына көп көңіл бөлініп келеді.

«Ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту бағдарламасы аясында облыстың тарихи-мәдени мұрасын зерттеуге және сақтауға ерекше назар аударылған. Соның нәтижесінде, Қазақстанның жетекші археологтары Зейнолла Самашев пен Әбдеш Төлеубаевтың басшылығымен 26 мың артефакт анықталды. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан Ұлыбританияның Лондон шаһарындағы «Ұлы Дала алтыны» көрмесін қойып, шетелдіктерді таңқалдырды», - делінген ақпаратта.

Бұдан бөлек, аймақта ШҚО Өнер мұражайының қор коллекциясын қалыптастыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Арт Заман» мұражай жобасы аясында Қазақстанның ең танымал суретшілерінің 66 туындысы сатып алынған.

«Өнер мен мәдениеттің халықты рухани байытуда маңызы зор. Бұл бағытта облыс бойынша мыңдаған маман жемісті еңбек етуде», - делінген хабарламада.


Жоғары қарай