Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да той-тоймалақ өткізген тұрғындарға айыппұл салынды

2020 жылдың 4 желтоқсан 2020 00:33

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы мониторинг топтары рейд шараларын жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кезекті рейд барысында бірқатар ереже бұзу фактілері анықталды. Облыс орталығында 5 адам шектеу шараларын сақтамаған. Сондай-ақ «Рубин»,«На кольцевой» дүкендері, «Пассаж» сауда үйі және азық-түлік сататын дүңгіршек иелеріне 208 350 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Ал Семейде «Меркурий» мейрамханасының иесі отбасылық мерекелік шара өткізгені үшін айыппұл арқалады. Үйінде салтанатты шара өткізген азамат пен №6 қоғамдық көлікте маска режимін бұзған қала тұрғыны да жазаға тартылды. Айыппұлдың жалпы сомасы - 402 810 теңге.

«Зайсан ауданында 46 нысан тексеріліп, 1 хаттама толтырылды. Қаратал ауылында бұрын тіркелген 1 ереже бұзушылық бойынша 41 670 теңге айыппұл салынды. Мұнда Кебаев, 36 мекенжайындағы үйде салтанатты шара өткізген Р.Қасымов есімді азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аягөз ауданында санитарлық нормаларды бұзған Н.Ахмадиев, А.Қуандықов, О.Нұрғалиева және А.Ілиясова есімді тұрғындар әкімшілік жауапкершілікке тартылды» делінген ШҚО ақпарат орталығы таратқан мәліметте.

Катонқарағай ауданында өткен рейд барысында Топқайың ауылында 1 ереже бұзушылық анықталып, «Қуат» дүкенінің сатушысы Н.Нұрғалиеваға 41 670 теңге айыппұл салынды.

Риддерде 5 рейд өтіп, 71 нысан тексерілді. Күршім ауданының Боран ауылында М.Мұқанов есімді азамат маска режимін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жоғары қарай