Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 437.20
EUR 475.32
RUB 5.79
CNY 61.94

ШҚО-да ұры мешіттің есігін бұзып кіріп, садақа жәшігіндегі ақшаны алып кеткен

2019 жылдың 8 тамыз 2019 18:15

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы мешіттен ақша ұрланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметіне қарағанда, мешіт қызметкері ақшаның ұрланғанын полцияға 5 күн өткен соң ғана барып хабарлаған.

«Үржар аудандық полиция бөліміне 53 жастағы мешіт қызметкері шағымданды. 2-3 тамыз аралығында белгісіз адам ауылдағы мешіттің есігін бұзып кіріп, жәшіктегі 8 мың теңгені жымқырған. Жедел іздестіру шараларының арқасында 26 жастағы жігіт ұсталды. Ол бұрын да ұрлық жасағаны үшін жауапқа тартылған. Күдікті кінәсін мойындады. Заттық айғақтар алынды», - делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Күдіктінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-тармағы бойынша тергеу басталды.

Жоғары қарай