Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да зейнеткерді өрттен құтқарған полицей марапатталды

2021 жылдың 1 наурыз 2021 21:33

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында зейнеткерді өрттен құтқарған полиция қызметкері марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшысы Айбек Бұрмантаев өткен жылдың желтоқсан айында отқа оранған үйге кіріп, қарт кісіні сыртқа алып шыққан.

Осылайша өз өмірін қатерге тіккен полицей зейнеткерді ажалдан арашалап қалды.

«Бүгін Аягөз ауданының учаскелік полиция инспекторы Айбек Бурмантаевқа құрмет көрсетілді. Полиция аға лейтенантына өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және адамды өрттен құтқару кезінде көрсеткен батылдығы мен қайсарлығы үшін ҚР ІІМ-нің «Құқық тәртібіне қосқан үлесі үшін» медалі салтанатты түрде табыс етілді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО полицейлерінің жоғалған 19 жылқыны иесіне қайтарғанын хабарлаған болатынбыз.

Жоғары қарай