Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да жалған вакцина паспортын қолданған адамға қатысты іс қозғалды

2021 жылдың 24 қараша 2021 17:39

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданында жалған вакцина паспортын қолданған адамға қатысты іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, аудандық ПБ қызметкерлері COVID-19 инфекциясына қарсы екпе алғандығы туралы жалған электронды паспортты пайдалану фактісін анықтады.

«Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шаралары барысында 29 жастағы аудан тұрғынын ұстады. Жалған вакцина паспортын қолданғаны үшін оған қатысты қылмыстық іс қозғалды», - деді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 385-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Азамат қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынуы мүмкін.


Жоғары қарай