Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 4 адам мерт болды

2021 жылдың 27 қаңтар 2021 14:22

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасынан 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқыс оқиға Шемонаиха ауданындағы «Өскемен-Шемонаиха-РФ» тасжолының 88-ші шақырымында болған. Шемонаиха қаласынан Өскеменге қарай жолға шыққан «КамАЗ 5320» көлігінің 32 жастағы жүргізушісі Рулиха ауылына қарай бұрылатын жерде «ВАЗ 2112» маркалы көлікпен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ 2112 автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі және үш жолаушысы (31 жастағы әйел мен 29 жастағы екі ер адам) оқиға орнында мерт болды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.


Жоғары қарай