Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді

2021 жылдың 24 ақпан 2021 02:41

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, соңғы күндері өңірде күн жылып, жиі қар жауып тұр. Жел жылдамдығы да артқан. Осылайша, таулы аймақтарда көшкін жүру ықтималдығы жоғарылады.

Таулардағы қар жамылғысын «Қазселденқорғау» мекемесінің мамандары үнемі бақылап отыр. Қауіп төнген жағдайда бірден сол жерлерде профилактикалық жарылыс жүргізіледі.

Бүгін «Өскемен-Самар» тасжолының 95-102 шақырымындағы тау бөктерінде жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді. 4 жарылыс жасалып, 3 600 текше метр қар тау етегіне түсірілген.

Айта кетейік, өңірде 28 ақпанға дейін көшкін жүру қаупі сақталады.



Жоғары қарай