Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ШҚО-да жасанды жолмен қар түсірілді

2022 жылдың 20 қаңтар 2022 00:28

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар түсірілді , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ауа температурасының күрт жылынуы мен қатты желдің салдарынан аймақта қар көшкіні жүру қаупі туындаған. Осыған қарай «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының қызметкерлері «Өскемен-Самар» тасжолының 95-102 шақырымында профилактикалық қар көшкінін жүргізді.

«Соның нәтижесінде 2780 текше метр қар түсті. Жалпы қыс басталғалы бері облыста 36 рет жасанды көшкін жүргізіліп, жалпы көлемі 28 160 текше метр қар түсірілген», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.





Жоғары қарай