Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да жаз кезінде жағалауларда 6 құтқару бекеті жұмыс істейді

2021 жылдың 27 мамыр 2021 18:31

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жаз кезінде жағалауларда 6 құтқару бекеті жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде Алакөлде құтқару бекеті жұмысын бастады.

Алакөлдегі бекетте екі апта сайын демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 6 сүңгуір мен 4 өрт сөндіруші кезекшілік атқарады. Мұндағы мақсат – судағы жазатайым оқиғалардың және көл жағасында орналасқан демалыс базаларындағы өрттің алдын алу.

«Жыл сайын жазда департамент құтқарушылары күшейтілген жұмыс режиміне ауысады. Олар қайықпен патрульдеп, демалушылар мен нысан иелерінің өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауын қадағалайды. Сондай-ақ азаматтарға нұсқаулықтар мен жадынамалар таратылады. Жалпы облыс бойынша жаз кезінде жағалауларда 6 құтқару бекеті жұмыс істейді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, Алакөлдегі құтқарушылар 2020 жылы 7 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқарған.


Жоғары қарай