Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да жер үйден өрт шығып, 2 адам зардап шекті

2021 жылдың 29 маусым 2021 22:09

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында жер үйден өрт шығып, 2 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 29 маусымда Қасым Қайсенов кентіндегі жер үй өртенген. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп жеткенше 1970 жылғы ер адамның денесінің 15%-ын күйік шалды. Ал мансардтық қабаттың терезесінен секіріп кеткен 1972 жылғы азамат түрлі жарақаттар алған. Зардап шеккендер бірден ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ 1967 жылғы әйел 1 қабаттың терезесінен сыртқа шығып үлгерген. Жедел жәрдем қызметкерлерінің қарауынан кейін ол үйіне жіберілді.

«Өрт сөндірушілер хабар түскеннен кейін 3 минут ішінде келіп, дереу тілсіз жауды ауыздықтауға кірісті. Жалпы ауданы 50 шаршы метрге жеткен қызыл жалын мансардтық қабат қабырғаларын, шатырды, терезе мен есік блоктарының ағаш құрылымдарын шарпыған. Көп ұзамай өрт толықтай өшірілді», - делінген хабарламада.

Өрттің шығу себебі - электр сымдарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауынан болып отыр.


Жоғары қарай