Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да жоғалып кеткен 4 жасар бала аман-есен табылды

2021 жылдың 14 мамыр 2021 18:59

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының полиция қызметкерлері жоғалып кеткен 4 жасар баланы тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Герасимовка ауылының тұрғыны «102» жедел арнасына хабарласып, баласының жоғалып кеткендігін айтқан. Тәртіп сақшылары бүлдіршінді іздестіру жұмыстарына жедел кірісті.

«Полицейлер бала болуы мүмкін жерлерді түгел тексерді. Жақын маңдағы су айдындары да қаралған. Соның нәтижесінде 1 сағаттың ішінде бала табылды. Анықталғандай, ол достарымен ойнап жүріп алысқа кетіп қалған. Оның денсаулығына ешқандай зақым келмеген», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Әйел адам өз кезегінде баласын жылдам тауып берген полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.


Жоғары қарай