Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да жол апаттарынан биыл 86 адам көз жұмды

2021 жылдың 27 қазан 2021 15:10

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері жол апаттарынан 86 адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша биыл 580 жол-көлік оқиғасы тіркелкен. Соның салдарынан 86 адам қаза болып, 792 адам түрлі жарақат алды.

Көп жағдайда оқыс оқиғаның себебі – жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудан болып жатады. Осы ретте, тәртіп сақшылары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту және жол қозғалысын ұйымдастыру деңгейін арттыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлуде.

«Әсіресе көшелер мен тасжолдарға тексеру жүргізуге, анықталған кемшіліктерді жоюға ұйғарым беруге аса маңыз аударылған. Былтыр департамент өкілдері 4 000-нан астам тексеру жүргізді. Соның нәтижелері бойынша бұзушылықтарға жол берген 225 жол қызметінің басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдеріне 74 жарықдиодты белгілер орнатылды», - деді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Оның айтуынша, биыл республикалық маңызы бар тасжолдарды (Алматы-Өскемен, Омбы-Майқапшағай) және елді мекендердің көше жолдарын реконструкциялау бойынша бірқатар жобалар іске асырылуда.


Жоғары қарай