Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да жол апатынан 1 адам көз жұмып, 4 адам жарақат алды

2021 жылдың 23 қаңтар 2021 13:31

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасынан 1 адам көз жұмып, 4 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 22 қаңтарда сағат 09:00 шамасында Бородулиха ауданындағы «Семей-Ресей Федерациясының шекарасы» тасжолының 25 шақырымында жол-көлік оқиғасы тіркелді.

«72 жастағы «Honda accord» автокөлігінің жүргізушісі Новопокровка ауылынан Семейге қарай бара жатып, алдындағы көліктерді озу үшін қарсы жолаққа шыққан. Сол кезде ол «УАЗ» көлігімен бетпе-бет соқтығысты», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Соның салдарынан 72 жастағы жүргізуші бірден сол жерде қайтыс болды. Ал УАЗ автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі және оның үш жолаушы ( 36 жастағы әйел, 40 және 24 жастағы ер адамдар) түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Жоғары қарай