Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да жұмысынан айырылған 5 мыңға жуық адам әлеуметтік жәрдемақы алды

2021 жылдың 19 тамыз 2021 22:51

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жұмысынан айырылған 5 мыңға жуық адам әлеуметтік жәрдемақы алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, жұмыстан шығарылған адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу уақытына және соңғы екі жылдағы табысына байланысты 1-6 ай аралығында әлеуметтік жәрдемақы алады. МӘС қоры есебінен берілетін жәрдемақы азаматтың бұрынғы жалақысының 40%-на дейінгі мөлшерді құрайды.

«Елімізде 78 мың адам осындай жәрдемақы алса, оның ішінде 4660 шығысқазақстандық бар. 52 мың азаматқа биыл әлеуметтік төлем алғаш рет тағайындалып отыр», - делінген хабарламада.

Азаматтар жәрдемақыны жұмыстан босатылу себептеріне қарамастан ала алады. Бұндағы мақсат - ол жаңа жұмысқа орналасқанша мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсету.


Жоғары қарай