Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да жыл басынан бері 70-тен астам көлік отқа оранған

2021 жылдың 17 мамыр 2021 19:44

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 70-тен астам көлік өртенген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 17 мамырда сағат 12.26-да Риддер қаласы Самоквитова көшесінің бойындағы 2 қабатты тұрғын үйдің ауласында «Mercedes» маркалы автобус өртенген.

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер жалпы ауданы 25 шаршы метрді құраған тілсіз жауды ауыздықтап, оның ары қарай таралуына жол бермеді. Алдын ала мәлімет бойынша жалынның шығуына – отқа абайсыз пайдалану себеп болған.

«Жыл басынан бері өңір бойынша 70-тен астам көлік отқа оранған. Департамент құтқарушылары автокөлік иелеріне өрт шығуының алдын алуға болатындығы жайлы түсіндіру жұмыстарын үнемі жүргізуде. Машинаның техникалық жағдайын мұқият қадағалап, тексеруден уақтылы өткізу керек», - деп хабарлады ведомство өкілдері.


Жоғары қарай