Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да жыл соңына дейін модульдік полиция бекеттерінің саны 10-ға жетеді

2021 жылдың 25 қараша 2021 23:24

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл соңына дейін модульдік полиция бекеттерінің саны 10-ға жетпек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ішкі істер органдары қызметкерлерінің халықпен байланысын күшейту үшін өңір бойынша модульдік полиция бекеттерінің саны артуда. Бұл бекеттердің жұмысы бірінші кезекте адамдардың қажеттіліктеріне жедел ден қоюға, қиын жағдайға тап болғандарға көмек көрсетуге және қоғамның полицияға деген сенім деңгейін арттыруға бағытталған.

Шығыс Қазақстан бойынша 8 модульдік полиция бекеті бар. Оның алтауы Өскемен қаласында, екеуі Семейде орналасқан. Сондай-ақ жыл соңына дейін Өскеменде тағы екі бекет ашу жоспарланып отыр. Жаңа модульдік полиция бекеті – Өтепов көшесі бойындағы «Достық» дүкені жанында, екіншісі – Прохладный ауданынындағы «Самал» шағын маркетінің қасында орын тебеді.

«Полиция жұмысының басты принципі – құқық бұзушылықты анықтау ғана емес, оның жолын кесу, кез келген уақытта халыққа көмек көрсетуге дайын болу. Әсіресе тұрғындармен сенімді қатынас орнатуға баса назар аударылған», - деді ШҚО ПД ЖПҚБ ерекше тапсырмалар бойынша аға инспекторы Данияр Мұрымбаев.


Жоғары қарай