Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-дағы 18 мыңнан астам жер үйде өрт қауіпсіздігі талаптары бұзылған

2021 жылдың 14 қазан 2021 05:31

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысындағы 18 мыңнан астам жер үйде өрт қауіпсіздігі талаптары бұзылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жылыту маусымында тұрғындардың пешті немесе электр құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан өрт шығуы жиілейді. Осыған орай құтқарушылар халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

- Жұртшылықты жылыту маусымына дайындау үшін 63000-нан астам жер үй тексерілді. Нәтижесінде, 18159 үйде өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы анықталған. Оның ішіндегі 3387 бұзушылық бірден сол жерде жойылды, - деді облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Серік Амангелдин.

Осы жылдың 9 айында аймақ бойынша 1145 өрт тіркелген. Оның ішінде 740-ы тұрғын үй секторында болды. Қызыл жалын 35 адамның өмірін қиып кеткен.


Жоғары қарай