Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

ШҚО-дағы Алакөлде туристік маусым қашан басталады

2020 жылдың 2 маусым 2020 21:51

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы демалыс орындары туристерді қабылдауға әзірленіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингі барысында облыстық Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы басшысының орынбасары Инара Бодукова карантинге байланысты туристерді қабылдау бірнеше кезеңге бөлінгенін айтты. Курорттық санаторий мен емдеу-сауықтыру орындары жұмысын 3 маусымнан бастаса, туризмнің басқа түрлері 6 маусымда ашылмақ.

«Үржар ауданындағы Алакөл 13 маусымнан бастап демалушыларды қабылдайды. Осы ретте республиканың, облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің бұйрығымен белгілі бір нормалар мен талаптар бекітілген. Бұл талаптар базалардың және туристік агенттіктердің барлық иелеріне түсіндірілді», - дейді Инара Бодукова.

Айта кету керек, арнайы құрылған жұмыс тобы демалыс орындарын аралап, ондағы дайындықты тексерді. Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, облыс туристік маусымға әзір отыр.

Жоғары қарай