Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-дағы демалыс базаларына туристерді қабылдауға рұқсат берілді

2021 жылдың 23 мамыр 2021 21:03

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысындағы демалыс базаларына туристерді қабылдауға рұқсат етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Онда жазылғандай, Бұқтырма су қоймасындағы, Алакөлдегі және «Рахман қайнарлары» санаторийіндегі демалыс базаларының жұмысына рұқсат берілген.

«Туристік-рекреациялық аймақтарда күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді, термометрияны, маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, адамдарды орналастыру және демалу орындарының жазғы туристік маусымға дайындалуына рұқсат етілді.

1 маусымнан бастап орналасатын және демалатын орындарда (қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақ күтетін үйлер, демалыс үйлері, санаторийлер, сауықтыру мекемелері, пансионаттар және туристердің тұруы мен оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа да ғимараттар мен құрылыстар) келушілерді қабылдай алады», - делінген құжатта.

Туристік-рекреациялық аймақтарда орналастыру және демалыс орындарының жұмыс режимі облыс аумағында COVID-19 инфекциясы ахуалының өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.


Жоғары қарай