Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-дағы инфекциялық стационарларында 560 адам жатыр

2021 жылдың 21 шілде 2021 04:37

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Қазір Шығыс Қазақстанның инфекциялық стационарларында 560 адам, реанимацияда 53 адам жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аймақтың медициналық мекемелері эпидемиологиялық нашар жағдайға дайын. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, облыстың инфекциялық стационарларында төрт мыңға жуық төсек-орын бар. Қазір инфекциялық төсек қорының 14 пайызы ғана қажет. Өскеменде инфекциялық стационарларда 257 адам, Семейде – 226 адам, облыстың басқа қалалары мен аудандарында – 78 адам жатыр. Өңірде 345 реанимациялық төсек-орын бар. Әзірге оның 15 пайызы ғана қолданысқа қажет. Өскеменде – 23 адам, Семейде – 21 адам, облыстың басқа қалалары мен аудандарында-9 адам реанимацияда жатыр.

Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне емдеуге жатқызылған барлық пациенттің 42-сі ауыр дәрежеде, 11-і аса ауыр дәрежеде. Тоғыз адам жасынды дем беру аппаратына, 35 адам инвазивті емес жеңіл желдетуге қосылған.


Жоғары қарай