Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

ШҚО-дағы кеден бекеттерінде карантиндік пункттер жұмыс істеп тұр

2020 жылдың 19 наурыз 2020 21:08

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында коронавирустың алдын алу мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінде облыстағы санитарлық қызмет үш бағытта жұмыс істеуде. Бірінші бағыт бойынша шетелден келген азаматтарға арнайы мониторинг жасалып отыр. Екінші бағытқа сәйкес Бақты мен Майқапшағай кеден бекеттерінде санитарлық-карантиндік посттар құрылған. Бұл туралы ШҚО Аймақтық комуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингі барысында облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау департаментінің басшысы Нұрланғазы Ибраев мәлім етті.

«Коронавирустық инфекцияға қарсы дәрі-дәрмек қоры әзірленген. Сондай-ақ стационарларда сақтық шараларын күшейту мақсатында инфекциялық төсектер дайын тұр. Өңір бойынша коронавирус жұқтыру фактісі тіркелген жоқ», - деді ол.

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты облыстың бас санитар дәрігері аймақтағы барлық ауданда арнайы комиссия құрған. Бұдан бөлек өңір тұрғындарының жұмыс уақытына өзгерістер енгізілді.


Жоғары қарай