Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-дағы мешітте вакцинация бөлмесі ашылмақ

2021 жылдың 13 сәуір 2021 19:46

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Тұрдиев пен облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек Мұқатай ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

13 сәуір күні Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек Мұқатай мен ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Тұрдиев кездесті. Бас имам Ермек Мұқатай коронавирус инфекциясына қарсы екпе алған. Өз сөзінде ол қасиетті Рамазан айында ауыз бекіткен мұсылман қауымына вакцина оразаны бұзбайтынын айтты. Сондай-ақ дәрумендер мен қоректік қасиеті барларды қоспағанда емдеу мақсатында қолданылатын инъекцияларға рұқсат етілген.

Қанат Тұрдиев карантин шектеулерінде діни бірлестіктер қызметіне қойылған талаптар туралы түсіндірді. Тараптар коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру, халыққа вакцинациялау туралы түсіндіру жұмыстарына тиімді өзара іс-қимыл жасап, күш-жігерді біріктіру туралы уағдаласты.

Бас имам мешітте халыққа жұқпалы дертке қарсы екпе салу үшін арнайы вакцинация бөлмесін ашуды ұсынды. Кездесу соңында санитарлық-эпидемиологиялық қызмет пен мешіт өкілдері өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«Меморандум КВИ профилактикасын жетілдіру бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін мешіттің мүмкіндіктері мен ресурстарын барынша пайдалануға бағытталған. Халықты вакцинациялауға қатысты қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындау мақсатында бірлесіп жұмыс істеуіміз керек», - деді Қанат Тұрдиев.


Жоғары қарай