Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ШҚО-дағы тасжол бойында жарылыс жасалып, 1400 текше метр қар түсірілді

2022 жылдың 18 қаңтар 2022 14:49

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ауа температурасының күрт жылынуы мен қатты желдің салдарынан аймақта қар көшкіні жүру қаупі туындаған. Осыған орай «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының қызметкерлері ««Өскемен-Горная Улбинка-Северное» тасжолының 30-37 шақырымында жасанды жолмен қар көшкінін түсірді.

«Жол бойында жарылыс жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде 1400 текше метр қар түсірілді. Сондай-ақ кеше «Өскемен-Алтай» тасжолында жасанды жолмен көшкін түсірілген болатын. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.


Жоғары қарай