Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ШҚО дәрігерлері жол апатынан зардап шеккен әйелге бірнеше күрделі ота жасады

2022 жылдың 25 қаңтар 2022 22:45

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының дәрігерлері жол апатынан зардап шеккен әйелге бірнеше күрделі ота жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылының 49 жастағы тұрғынын желтоқсан айында көлік қаққан. Ауыр дәрежедегі дене жарақаттарын алған ол ауруханаға жеткізілді. Облыстық аурухана ортопедия бөлімі дәрігерлерінің айтуынша, пациент сүйектерінің сау-тамтығы қалмаған.

«Соққы салдарынан ол политравмалық жарақаттар алған. Атап айтқанда, арқа, мойын, омыртқа, иық, жамбас сүйектері сынды. Науқасқа кезең-кезеңмен бірнеше ота жасалды», - деді ортопедия бөлімінің меңгерушісі Думан Бакербеков.

Бір аптаға созылған дайындықтан кейін ең алдымен иық сүйегіне отсеосинтез жасалып, сүйек ішіне бекітуші штифт орнатылды. Бұл өз кезегінде, пациенттің ерте оңалуына ықпал етті. Кейінгі кезекте аса күрделі ота – жамбас сүйектеріне жасалған.

«Әдетте, жамбас сүйектерін консервативті түрде емдейтінбіз. Бірақ бұл жағдайда ота қажет болды. Біз жамбас сүйегінің ішкі ұңғылына ашық отсеосинтез отасы арқылы реконструктивті пластина орнаттық. Өте қиын ота болды, себебі майдаланып қалған сүйек сынықтарына ешбір тамырға зақым келтірмей жетіп репозиция жасауымыз қажет болды. Бірнеше сағатқа созылған ота сәтті өтті. Кейін компьютерлік томография сүйектердің жиналғандығын көрсетті», - деді Д.Бакербеков.

Жоғары технологиялы көмектің арқасында қазір науқас тез оңалып келе жатыр. Алдағы уақытта ол Оңалту орталығында қажетті ем-дом қабылдайтын болады.


Жоғары қарай