Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ШҚО-ға «Спутник Лайт» вакцинасының 21 мың дозасы жеткізілді

2022 жылдың 24 қаңтар 2022 22:00

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысына «Спутник Лайт» вакцинасының 21 мың дозасы жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірге ресейлік «Спутник Лайт» вакцинасының 21 мың дозасы жеткізілді. Қазір препарат медициналық ұйымдарға таратылуда. Жақын арада тұрғындар аталған екпені салдыра алатын болады.

«Спутник Лайт» – коронавирус инфекциясына қарсы иммундаудың толық курсынан кейін қайта вакцинациялауға арналған. Ревакцинация екінші компонентті алғаннан кейін алты айдан кейін жүргізіледі. Бүгінгі таңда аймақ бойынша 154 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-дағы ауруханаларда 90 күнге жететін дәрі-дәрмек қоры бар екендігі хабарланған.



Жоғары қарай