Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-ға жыл соңына дейін Pfizer вакцинасы жеткізіледі

2021 жылдың 13 қазан 2021 10:28

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысына осы жылдың соңына дейін Pfizer вакцинасы жеткізілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде өңір жұртшылығының 78,9 пайызы коронавирусқа қарсы екпенің 1-ші компонентін салдырды. Ал халықтың 64,9 пайызы вакцинаның екі компонентін толық алған.

Облыста халыққа вакцина салдыру көрсеткіші бойынша Үржар (99,1%), Аягөз (99,1%) және Бесқарағай (98,9%) аудандары көш бастап тұр. Ал ең соңғы орында – Шемонаиха ауданы (66,2%).

«2021 жылдың соңына дейін аймаққа Pfizer вакцинасы жеткізіледі. Алайда әзірге нақты қанша доза екені белгісіз. Бұл вакцина өте суық температурада сақталуы керек. Сондықтан екпені Өскемен мен Семейдегі Қан орталықтарының мұздатқыштарына орналастыру көзделіп отыр», - делінген хабарламада.


Жоғары қарай