Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО Катонқарағай ауданының әкімі тағайындалды

2021 жылдың 23 қаңтар 2021 15:27

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің өкімімен Катонқарағай ауданының әкімі лауазымына Ділдар Қалиқан тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін жаңа әкімнің кандидатурасын кезектен тыс өткен сессия барысында аудандық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады. Аудан активіне Ділдар Қалиқанұлын облыс әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаев таныстырды.

Ділдар Қалихан 1985 жылы 17 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Коробиха ауылында дүниеге келген. 2009 жылы Алматы Экономика және статистика академиясын «менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы «Дамир» шаруа қожалығының басшысы қызметінде бастаған. 2007 жылдан 2012 жылға дейін «Үш Бұлақ» ЖШС директоры болып жұмыс істеді.

2012 жылдан бастап ШҚО ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің бас маманы, кейін ШҚО әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарды.

2014-2017 жылдары аралығында Зайсан және Катонқарағай аудандары әкімдерінің орынбасары лауазымында еңбек етті.


Жоғары қарай